• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы  №587 

405 рет
көрсетілді

2015 жылғы 5 қазан, Астана қаласы «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйырамын: 1. «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10768 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 31 тамыздағы №401-404 (26798) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидасында: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. ҚБТ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейінде білім алушыларға қолданылады:»; 1) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру базасындағы қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша; 2) барлық білім беру деңгейлерінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, оның ішінде мүгедек балалар, І және ІІ топтағы мүгедектер болып табылатын тұлғалар үшін; 3) «Болашақ» стипендиаттарын қоспағанда, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейінде білім алушылардың алмасу бағдарламалары бойынша мемлекет аумағынан тысқары шыққан білім алушылар; 4) жоғары білім деңгейінде сырттай оқу түрі бойынша жедел әскери қызметке шақырылғандар; 5) жоғары білім деңгейінде ұзақ мерзімді (4 айдан астам) шетелдік іссапардағы тұлғалар; 6) мекемеде тиісті техникалық жағдай болса, сотталғандар, колония-қоныстарда (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде) жазасын өтеп жүргендер. 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (С. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртiппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың ресми жариялануын; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі Т.О.Балықбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.СӘРІНЖІПОВ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 4 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12234 болып енгізілді.